Қарабалиндер әулетінің туысы Фаризат Кенжеғалиева қайғылы жағдайдан кейін балалардың болашағына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Оның сөзінше, қазіргі жағдайда балаларды туыстарының бірінің өз қамқорлығына алуы оңай емес. Әр отбасының өз тұрмысы, өз балалары мен жауапкершілігі бар екенін айтқан ол бұл мәселенің сырт көзге көрінгендей жеңіл шешілмейтінін жеткізді.
Фаризат Кенжеғалиева бұл туралы Kursiv Media тілшісіне берген сұхбатында айтты.
"Қазір біреудің баласын біреу бақпайды. Өз балаларың өз үйіңе сыймайды. Бәрінде бала бар. Өз ойым – егер Ақбаян сау болса, көмектесер едік. Енді бір отбасыны қырып салып... Ақбаян анандай боп жатқан жерде... Мен өзім оның баласын бағамын деп айта алмаймын. Кім болса да, сөйтеді... Балалардың кінәсі жоқ... Ол осындай әрекетке барардың алдында ойлануы керек еді. Ақылмен шешу керек, ал ол ашумен шешті", – деді Фаризат Кенжеғалиева