Таяу Шығыс дағдарысы: Сауд Арабиясы Қазақстанның ұстанымына ерекше мән берді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Атыраудағы қанды іс: марқұмның туыстары ашық сотты талап етті

Атыраудағы қанды іс: марқұмның туыстары ашық сотты талап етті
ашық дереккөзден

Атырау облысында бір отбасының қаза табуына қатысты резонансты іс бойынша жаңа мәліметтер белгілі болды. Бұл туралы "Астана" телеарнасы хабарлады.

Телеарна дерегінше, марқұмдардың қызына Атырау қаласында жүргізілген сот-психологиялық және психиатриялық сараптама нақты қорытынды бермеген. Осыған байланысты сараптаманы Алматы қаласында қайта жүргізу туралы шешім қабылданған.

Марқұмдардың жақындары бұл іске қатысты алаңдаушылық білдіріп отыр. Олар сот процесінің ашық өтуін талап етпек. Туыстарының айтуынша, отбасыдан қалған балалар ауыр психологиялық күйде.

Марқұмдардың туысы Әсилә Мұқанғалиева балалардың жағдайын айтып берді. Оның сөзінше, кейбірі тұйықталып қалған, ал енді бірі сырттай күліп жүргенімен, ішкі күйзелісті бастан кешіріп отыр.

"Балалардың бірі үндемей шығады, ал үлкені мен үшінші қызы күліп қарсы алады. Құшақтап, қимай қоштасады. Әр барған сайын өзім жылап қайтамын. Олар анасын қатты сағынады. Үш бала бір жақта, екі бала басқа жерде. Біз ашық сот болуын қалаймыз, бәрін білгіміз келеді", – дейді ол.

Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу амалдары жалғасуда. Құзырлы органдар барлық мән-жайды толық анықтау үшін қажетті сараптамалар жүргізіп жатыр.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер