Электр энергиясы қымбаттайды: Алматы мен облыс тұрғындары неге алаңдайды?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Атыраудағы отбасы қазасы: Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты тың дерек айтылды

Атыраудағы отбасы қазасы: Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты тың дерек айтылды
Сұлтан Сәрсемәлиев. Фото-коллаж: kznews.kz

Жангелдин ауылында бір отбасының төрт мүшесін өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған Сұлтан Сәрсемәлиев әзірге тергеу изоляторында қалып отыр, деп хабарлайды kznews.kz.

Atyrau OIL мәліметінше, оны жазасын өтеу орнына этаппен жіберудің кешігуіне сотталған адамның психологиялық жағдайы себеп болуы мүмкін.

Атап айтқанда, оның өзіне зиян келтіру қаупі ескеріліп отырғаны айтылған. Дегенмен бұл ақпаратқа қатысты әзірге ресми растау жоқ.

Бұған дейін Сұлтан Сарсемалиев пен оның қорғаушысы өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы сот үкіміне апелляциялық шағым түсірмегені белгілі болған.

Осыған байланысты сот үкімі заңды күшіне енген.

Енді Сарсемалиев өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын өтеу үшін қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемесіне жіберілуі тиіс.

Оның нақты қай мекемеге және қашан этаппен жөнелтілетіні әзірге белгісіз.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер