Шымкенттегі қанды жан-жалға күдіктілердің бір тобы ұсталды: қалғандарын іздестіру жалғасуда (видео)
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Атырауда сарбаз менингиттан көз жұмды

Атырауда сарбаз менингиттан көз жұмды

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Сарбаздың әскери бөлімге келгеніне 10 күн ғана болыпты. Дәрігерлер науқас менингиттің ауыр түрінен қайтыс болғанын айтады

НҰР-СҰЛТАН, 28 қазан – Sputnik. Атырауда ҰҚК шекара қызметіне қарасты №2016 әскери бөлімінде  сарбаз менингиттан көз жұмды, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Әскери қызметкер менингит дертіне шалдықты деген күдікпен 26 қазанда облыстық ауруханаға жеткізілді. Оны бұл жерге әскери бөлімнің фельдшері әкелген.

"Клиникалық-зертханалық тексеріс жүргізілді. Мамандар ақылдаса келе, науқасқа менингококтық инфекция деген алдын ала диагноз қойды. Бұл аурудың ауыр формасы. Науқас жансақтау бөліміне жеткізілді. Қарқынды түрде терапия жүргізілгеніне қарамастан, бес сағаттан соң көз жұмды", - делінген Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы таратқан хабарламада.

Тағы оқыңыз: Маңғыстауда қолы мен көзінен айырылған сарбаз миллиондаған айыппұл төлеуі мүмкін

Алдын ала мәліметке сәйкес, сарбаз әскери бөлімдегі медициналық бөлімшеге 26 қазан күні барған. Ол  борышын өтеуге 16 қазан күні Қызылорда облысынан келіпті.


sputniknews.kz
Автор
Айбар

Журналист