KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

Атырауда қаза тапқан отбасыға қатысты тың дерек шықты

Қайсар Қанат
ашық дереккөзден

Instagram әлеуметтік желісінде Атырау облысында қаза тапқан жандардың ЖИ арқылы жасалған видеосы тарады, деп хабарлайды kznews.kz.

Аталмыш видеода марқұм төрт адамның сөйлеп, өздерінің реніштерін айтып тұрғаны бейнеленген. Бұл видеоны avatar_elite деген парақша жариялады. Айта кету керек – бұл видеодағы адамдардың сөздері өзінікі емес, тек ЖИ арқылы көркемдеп жасалған. 

Бұған дейін қаза тапқандардың туысы Әдемі Мұқанғалиева бауырының отбасы жоғалғаннан кейін полицияға өзі жүгінгенін айтып, істің мән-жайына қатысты пікір білдірген еді.

Қайсар Қанат
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →