"Ойын" алаңына айналған Ормуз: бұғаздың қайта жабылуы қаншалықты қауіпті?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"100 күн болды": Атырауда қаза тапқан Наурыз бен Мейрамгүлге қатысты тың дерек шықты

"100 күн болды": Атырауда қаза тапқан Наурыз бен Мейрамгүлге қатысты тың дерек шықты
ашық дереккөзден

Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында бүгін Наурыз Мұқанғалиев пен Мейрамгүл Қарабалинаның жерленгеніне 100 күн толды. Ағалы-қарындасү 2026 жылдың 11 наурызында бүкіл өңірді дүр сілкіндірген қайғылы оқиғадан кейін жер қойнына тапсырылған еді, деп хабарлайды kznews.kz.

Содан бері ауылда қайғының ізі суыған жоқ. Туыстары мен ауыл тұрғындары марқұмдарды мейірімді, сабырлы әрі еңбекқор жандар ретінде еске алады. Олар қарапайым өмір сүріп, шаруашылықпен айналысқан. Жерлеу күні олармен қоштасуға ауыл тұрғындарының басым бөлігі келіп, отбасына қолдау білдірген.

Наурыз бен Мейрамгүлдің денелері 2026 жылдың наурыз айының басында Атырау маңындағы Геолог ауданында, бір үйдің ауласынан табылған. Бұған дейін тергеу барысында олардың ата-анасының денесі де анықталған еді. Олар қаңтар айында туған ауылы Жангелдиндегі сарайдың еденінің астынан табылған. Кейін бұл іс бір отбасының төрт мүшесінің өліміне қатысты екені белгілі болды.

Тергеу дерегінше, күдікті шетелден Қазақстанға жеткізілгеннен кейін мәйіттердің жасырылған жерін көрсетіп, мойындау жауабын берген. Қазіргі уақытта сот процесі жалғасып жатыр.

Істің басты фигуранты ретінде марқұмдардың әпкесінің күйеуі Сұлтан Сәрсемәлиев аталып отыр. Оған қатысты сот отырыстары жалғасуда.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер