ҚТЖ топ-менеджерлері былтыр 1,036 млрд теңге сыйақы алған
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Жәбірленуші тарап Сәрсемалиевтің сөзін жоққа шығарды

Жәбірленуші тарап Сәрсемалиевтің сөзін жоққа шығарды
ашық дереккөзден

Сот отырысы барысында Сұлтан Сәрсемалиев өз әрекетіне марқұмдарды кінәлап, Ақбаянның отбасы олардың отбасылық өміріне араласқанын мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Оның айтуынша, жәбірленуші тараптың әрекеті оны ауыр күйзеліске түсіріп, психологиялық тұрғыдан әлсіреткен. Айыпталушы дәл осы жағдайлар қылмыс жасауына себеп болды деп түсіндірді.

Алайда жәбірленуші тарап Сәрсемалиевтің бұл сөздерімен келіспейтінін айтты. Олардың сөзінше, марқұм Мұқанғалиұлы Мақсот пен Бақытқызы Нәсіп мінезі жұмсақ, сабырлы, ешкімге зияны жоқ адамдар болған.

Туыстары керісінше, марқұмдардың қызы мен күйеу баласына қолдау көрсетіп келгенін жеткізді. Сондай-ақ марқұм әкенің қызымен араласқысы келіп, оны көргісі келетінін жиі айтып жүргені айтылды.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер