Атырауда із-түссіз жоғалған отбасының хабарын біліп, ауыл-аймақтағы ағайынның ақпарын білуге барған журналист Жанат Жақсыбайқызы желідегі парақшасында жаңа видео жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.
Журналист Instagram желісіндегі ресми парақшасына жариялаған видеода белгісіз бір адамның түн ішінде хабарласып, кейбір ақпараттарды айтпауын сұраған.
"Өзбекстаннан хабарласып тұрмын дейді. Түсінгенім бұл адамға менің бүгінгі жариялаған ақпараттарым ұнамай қалған сияқты. Даусын танитындар болса, жұмыс телефоныма хабарласыңыздар", – деп жазды журналист.