Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Ақтау арқылы ұшып кеткен" – Атырауда жоғалып кеткен отбасыға қатысты ел күтпеген дерек шықты (ВИДЕО)

"Ақтау арқылы ұшып кеткен" – Атырауда жоғалып кеткен отбасыға қатысты ел күтпеген дерек шықты (ВИДЕО)
Arasha.kz коллажы

Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында елді елең еткізген оқиғаға қатысты тағы бір күтпеген жайт белгілі болды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Аталған жағдайды зерттеу үшін өңірге барған журналист Жанат Молдашова Instagram желісіндегі ресми парақшасында жаңа бейнежазба жариялады.

Видео барысында журналист ресми органдар тарапынан берілген ақпараттарда қайшылық бар екенін атап өтті.

"Мына жағдайды түсінбей отырмын. Дүйсенбі күні полиция департаментінің бастығы сұхбат берген кезде "күйеу бала мен қыз Шымкенттегі Қапланбек бекеті арқылы Өзбекстанға өтіп кеткен" деген еді. Ал кеше туыстарымен сұхбаттасып тұрған кезде оларға "Ақтау арқылы ұшып кеткен" деп айтқан. "Қыз бен күйеу бала сол жердегі бейне камераларға түсіп қалған. Көрдік. Бізде ақпараттар бар" депті. Енді бұл қалай? Кеден бекеті арқылы Өзбекстанға өтті ме? Ақтау арқылы шетелге ұшты ма? Қалай болып кетті? Осыны түсіне алмай отырмыз. Полиция департаменті осыған байланысты ресми ақпарат беретін болар", – деді журналист. 

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер