"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Атырауда коронавирус жұқтырғандар індетке қайдан тап болған? - Қазақстан жаңалықтары

Атырауда коронавирус жұқтырғандар індетке қайдан тап болған? - Қазақстан жаңалықтары

Атырау облысында коронавирус жұқтырған науқастардың қайда келгені белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Байтолла Ғазизов мәлім етті. 

«Өкінішке қарай, бүгін 27 наурыз күні Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған үш адам анықталды. Бірінші науқас – 21 наурызда Нұр-Сұлтан қаласынан Атырауға келген. 26 наурызда ЖРВИ белгілерімен одан анализ алынған. Нәтижесінде инфекция жұқтырғаны анықталды. Екінші науқас – 17 наурыз күні Стамбулдан Алматыға, осыдан кейін Алматыдан Атырауға ұшып келген. Нұр-Сұлтанда Стамбулдан Алматыға келгендердің арасынан инфекция жұқтырған адам табылғанын білесіздер. Соған байланысты қарым-қатынаста болғандардан біз кеше анализ алдық. Нәтижесінде Атырауға келген адамның инфекция жұқтырғаны анықталды», - дейді басқарма басшысы.

Үшінші науқас – Амстердамнан кеше Атырауға келген.

«Ол науқас бірден карантинге жатқызылып, анализ алынып, тест нәтижесі оның да инфекция жұқтырғанын анықтаған. Үш науқастың да жағдайы қазіргі таңда қанағаттанарлық. Тиісті хаттамаларға сай емдеуге жатқызылып, ем-дом жасалып жатыр», - деп қосты Байтолла Ғазизов.

Бұған қоса науқастармен байланыста болғандардың барлығы анықталыпты. Бұл туралы Атырау облысының тауарламен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бастығы Мейіржан Есімбаев айтып кетті. 

«Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдардың бәрі анықталып, қазіргі таңда оларды оқшаулау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ошақтарда коронавирус инфекциясының алдын алуға және індетке қарсы іс-шаралар, қорытынды залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді», - деді департамент басшысы

Еске салайық, бұған дейін Атырау облысында 3 адамның коронавирусқа шалдыққаны тіркелген еді. 


stan.kz
Автор
Нұрсұлтан