Кейіннен Атырау қаласындағы мектептердің бірінде «Масленница» мерекесі атап өтілгені анықталды, - деп жазады Zakon.kz сайты.
Онда мектеп ауласында алау жағылған.
Облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтің айтуынша, мұндай іс-шараны мектепте өткізуге болмайды.
«Діни сипаты бар іс-шара мектептің базасында өткен. Бірақ қауіпсіздікті сақтау үшін төтенше жағдайлар органдарымен келісілмеген. Атырау қалалық білім бөліміне де хабарланбаған. Мектептің директоры ата-аналар ұсынысын қолдап, білім ордасының ауласында алау жағуға рұқсат берген. Осыған байланысты мектептің директорына қатаң сөгіс берілді», - деп мәлім етті Жасұлан Бисембиев.[video width="224" height="416" mp4="https://kznews.kz/wp-content/uploads/2023/02/VID_20230227_104234_041.mp4"][/video]