"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Атырау облысында коронавирус жұқтырған үш адамның қайдан келгені анықталды

Атырау облысында коронавирус жұқтырған үш адамның қайдан келгені анықталды

Науқастармен қарым-қатынаста болған барлық адам анықталды. Қазіргі кезде оларды оқшаулау шаралары атқарылып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 27 наурыз – Sputnik. Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы қауіпті індетті жұқтырған үш науқас туралы айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Өкінішке қарай, бүгін Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған үш адам анықталды. Бірінші науқас 1 наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласынан Атырауға келген. 26 наурызда өткір респираторлық инфекцияның белгілері болғаннан кейін жедел түрде сынама алынды, нәтижесінде инфекция жұқтырғаны анықталды", - деді басқарма басшысы Байтолла Ғазизов бүгінгі онлайн брифингте.

Оның айтуынша, екінші науқас 17 наурызда Стамбұлдан Алматыға, одан кейін Атырауға ұшып келген.

Павлодар облысында бір адамнан коронавирус табылды

"Стамбұлдан Алматыға келгендер арасында инфекция жұқтырған бір адамның табылғанын білесіздер. Осыған байланысты біз кеше сынама алдық, нәтижесінде инфекция жұқтырғаны анықталды. Ал үшінші науқас кеше Амстердамнан Атырауға келген. Ол бірден карантинге жатқызылды. Сынама алынды. Бүгін тест нәтижесі оның да коронавирус жұқтырғанын көрсетті", - деп түйіндеді Ғазизов.

Қазір үш науқастың да жағдайы қанағаттанарлық. Науқастармен қарым-қатынаста болған барлық адам анықталды. Қазіргі кезде оларды оқшаулау шаралары атқарылып жатыр.


sputniknews.kz
Автор
Нұрсұлтан