KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

“Асығыстық жасаған шығармын”: Жұлдыз Өмірғали Айқынмен қарым-қатынасы туралы

• Айжан Сыланова
Фото: әлеуметтік желіден

Әнші Айқын Төлепбергеннің жұбайы Жұлдыз Өмірғали жеке өміріне қатысты пікір білдіріп, жастық шақта қабылдаған кейбір шешімдеріне бүгінде басқаша қарайтынын айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

«Айқынның алғашқы жары Әселмен қарым-қатынасымыз жақсы. Тығыз араласпасақ та, арамызда ешқандай өкпе-реніш жоқ. Балаларымыз бір-бірімен жақсы араласады. Алғашында Айқынның отбасы бар екенін білмедім. Ол кезде жастықтың әсері, сезім мен махаббаттың жетегінде болдық. Қазір үш баланың анасы ретінде өткенге көз жүгіртсем, кейбір шешімдерді асығыс қабылдаған шығармын деп ойлаймын. Есейіп, өмірге басқа қырынан қарай бастағанда, кей мәселелерге тым жеңіл қарағанымды түсінесің. Мұны уақыт өте келе ұғына бастадым», – деді Жұлдыз Өмірғали.

Әншінің айтуынша, бүгінде ол өткен жағдайларға сабырмен қарап, өмірлік тәжірибе мен ана болудың жауапкершілігі көптеген мәселеге деген көзқарасын өзгерткен.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →