Өнер иесі бұл туралы «Жетінші арнаға» берген сұхбатында сөз қозғады. Оның айтуынша, араларындағы түсініспеушілікке қарамастан, Нұрлан бірнеше тойда өзі бірінші болып қолын созып, амандасуға ниет білдірген.
“Нұр-Мұқасан” тобының әншісі Мұқасан Шахзадаев бұрынғы әріптесі Нұрланмен қарым-қатынасы туралы ашық айтып, онымен араласпайтынын мәлімдеді. Тіпті, бірнеше рет кездескеніне қарамастан, амандасудан да бас тартқанын жасырмады, деп хабарлайды kznews.kz.
Алайда Мұқасан оның бұл әрекетін қабылдамай, қол алыспай қойған.
«Мен амандаспаймын. 2-3 тойда қызып жатқан кезде маған қолын созды. Қолын алмай қойдым. Ең бастысы аман болсыншы», – деді әнші.
Дегенмен Мұқасан Шахзадаев бұрынғы әріптесімен арадағы байланыстың неліктен үзілгенін нақты түсіндірмеді. Сондай-ақ олардың арасында қандай жағдай болғаны және келіспеушіліктің неден басталғаны жөнінде де егжей-тегжейлі мәлімет бермеді.