Мал басының көбеюі жем-шөп пен жайылым мәселесін де күн тәртібіне шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Асхат Аймағамбетов білім беру саласына қатысты жағымсыз хабарды айтты

Асхат Аймағамбетов білім беру саласына қатысты жағымсыз хабарды айтты
instagram.com/aimagambetov

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов білім беру саласына қатысты қабылданған жаңа заң нормасына алаңдаушылық білдірді. Оның айтуынша, бұл шешім саладағы ең тиімсіз әрі қисынсыз қадамдардың бірі болуы мүмкін, деп хабарлайды kznews.kz.

Депутат Сенаттан келген заң жобасы Мәжілісте бірнеше рет талқыланғанын, сол кезде бірқатар ескерту мен дәлел айтылғанын атап өтті. Алайда, оның сөзінше, сарапшылардың пікірі мен талқылау барысында көтерілген уәждер ескерілмеген.

"Бүгін білім беру саласына байланысты ең тиімсіз әрі ең қисынсыз шешімдердің бірі қабылданды. Сенаттан келген заң жобасын біз бірнеше рет талқыладық. Кәдімгідей пікірталас болды. Бірақ сол кездегі пікірталаста айтылған аргументтерді ескермей, сарапшылардың пікірін тыңдамай, үнсіз түрде 4 млн баланың тағдырына теріс әсер ететін шешім қабылданды", – деді Асхат Аймағамбетов.

Оның айтуынша, негізгі мәселе мектептер мен балабақшаларға қатысты басқару құзыретін облыс әкімдерінен алып, аудан әкімдеріне беру туралы шешімге байланысты.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер