Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев (24-3) Дохада өткен UFC Fight Night 294 турнирінде жапондық Кёдзи Хоригутиге (36-6) қарсы жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды kznews.kz.
Аса жеңіл салмақтағы үш раундтық кездесу төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен Хоригутидің жеңісімен аяқталды.
Айта кетейік, жекпе-жек алдында UFC рейтингінде Асу Алмабаев алтыншы, ал Кёдзи Хоригути жетінші орында тұрған еді.
Кездесуден кейін Хоригутидің UFC-дегі статистикасы 10 жеңіс пен 2 жеңілісті құраса, қазақстандық спортшының лигадағы көрсеткіші 7 жеңіс, 2 жеңіліс болды.