Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

астанадағы қымбат нысан құрылысына қатысты іс тергеліп жатыр

астанадағы қымбат нысан құрылысына қатысты іс тергеліп жатыр

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі LRT құрылысына қатысты тың деректерді жариялады. Осы іске қатысты 6 күдікті анықталып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 31 қазан – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі LRT құрылысына қатысты тың деректерді жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Департамент басшысы Сергей Перовтың айтуынша, жеңіл рельсті көлік құрылысы бойынша шығын көлемі артты.

"Тергеу шаралары жалғасуда. Бірқатар сараптама аяқталуға жақын. Шығынның көлемі бірнеше есеге өсіп, 1 миллиард теңгеден асты. Бүгінде осы іске қатысты 6 күдікті анықталып отыр. Олардың ішінде төртеуі - әкімдіктің лауазымды тұлғалары", - деді Перов журналистерге берген сұқбатында.

Тергеуші әкімдік қызметкерлерінің аты-жөнін айтқан жоқ. Бірақ барлығы бұрын істеген адамдар екенін жеткізді.

"Біз бір айдың ішінде барлық сараптаманы аяқтауды жоспарлап отырмыз. Сөйтіп, қылмыстың квалификациясын анықтаймыз. Енді, Astana LRT-ның бұрынғы басшысы Талғат Ардан бой тасалап жүр. Оған Интерпол желісі бойынша іздеу жарияланды. Қалған күдіктілермен жұмыс істеп жатырмыз. Олар қамауға алынған жоқ. Барлығы тергеуге белсенді атсалысып жүр", - деп атап көрсетті Перов.


sputniknews.kz
Автор
Айбар