"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Астанада тұрғын үй кешенінен өрт шықты

Астанада тұрғын үй кешенінен өрт шықты

Үйдің бірінші қабатында орналасқан дүкен отқа оранған, оқиға орнына өртке қарсы қызметтің сегіз көлігі келді

АСТАНА, 24 ақпан – Sputnik. Елордадағы "Триумф Астана" тұрғын үй кешенінен өрт шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Кешеннің бірінші қабатында орналасқан тұсқағаздар дүкені отқа оранған.

"Өрт аумағы 10 шаршы метрді құрады, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ", - деп мәлімдеді ТЖК баспасөз қызметінен.

Қазіргі таңда өрттің себебі анықталып жатыр. Тілсіз жауды сөндіруге ТЖ департаменті жеке құрамының 33 адамы мен сегіз дана техникасы тартылды.

Мәскеудегі ММУ ғимаратына ұқсас етіп салынған тұрғын үй кешені 2006 жылы пайдалануға берілген.

© Foto : ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі

Тұрғын үй кешенінің бірінші қабатынан шыққан өрт

Еске сала кетсек, 13 ақпанда Астананың сол жағалауында Highvill Kazakhstan кеңселік ғимараты түгі қалмай өртеніп кеткен еді. Өрт аумағы 1500 шаршы метрді құрады.


sputniknews.kz
Автор
Бауыржан