Қазақстан соғысқа дайындалып жатқан жоқ – Айдос Сарым
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Сүйінші, ағайын! Еділ Жаңбыршин бар қазақты қуантатын жаңалығын бөлісті (ВИДЕО)

Сүйінші, ағайын! Еділ Жаңбыршин бар қазақты қуантатын жаңалығын бөлісті (ВИДЕО)
Youtube/Нартай Аралбайұлы. Суретте: Еділ Жаңбыршин

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, ғалым әрі қоғам қайраткері Еділ Жаңбыршин елге жағымды жаңалықпен бөлісті. Ол "Балалардың құқығын қорғау" туралы заңға маңызды түзетулер енгізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Депутаттың айтуынша, енді жастардың санасына теріс әсер ететін, бейәдеп мазмұндағы және дәстүрлі емес жыныстық бағытты насихаттайтын кез келген материал заң алдында жауапқа тартылады.

"Бүгін Архив істер жөніндегі заң жобасының аясында еліміз үшін маңызды бір норма қабылданды. Бұл – көптен бері айтып, күресіп жүрген ЛГБТ-ға қатысты норма. Осының аясында көптеген заңдар қабылданып жатыр. Оның ішінде "Балалардың құқығын қорғау" деген заң бар. Соның 34-бабына арнайы өзгерістер енгіздік. Бұл бап "Ұлттық және әлемдік мәдениетке баулу" деп аталады. Осы баптың ішіне "Порнографиялық қатігездік пен зорлық-зомбылықты" дәріптейтін деген сөзден кейін арнайы норма ұсындық.  Дәлірек айтатын болсақ, “Дәстүрлі емес жыныстық бағыттарды, педофилияны насихаттайтын" деген сөзбен толықтырдық", – деді Еділ Жаңбыршин.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер