ШҚО-да тағы да шу: Білім сапасын қадағалайтын басшының былығы ашылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Артымнан ілес кетеміз. Бердімұхамедов отставкасы

Артымнан ілес кетеміз. Бердімұхамедов отставкасы
11 ақпан күні Түрікменстан астанасы Ашхабадта мемлекеттің алдағы 30 жылдағы даму жоспарларына арналған Халық мәслихатының кезектен тыс отырысы өтті, деп хабарлайды kznews.kz сайты orda.kz порталына сілтеме жасап.

TDH мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, кездесу барысында президент Құрбангұлы Бердімұхамедов сөз сөйледі.

– 15 жыл бойы мен Түркіменстанның ең жоғарғы және өте жауапты қызметінде жұмыс істеп келемін. Сонымен бірге мен Түркіменстан Министрлер Кабинетінің Төрағасы, Мемлекеттік Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы, Түркіменстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Қолбасшысы, Түрікменстан Халық Маслахаты Милли Генгештің төрағасы қызметтерін атқарамын, – деді Түрікменстан президенті.
Одан әрі мемлекет басшысы екі жыл бұрын пайғамбар жасына жетіп, осы шешімге келгенін айтты.

– Еліміздің дамуының жаңа кезеңіндегі мемлекеттік басқаруға жол рухани ортада, заманның биік талаптарына сай тәрбиеленген жас көшбасшыларға берілуі керек деген пікірді қолдаймын. Мен Халық Маслахатының Төрағасы ретінде өзімнің үлкен өмірлік және саяси тәжірибемді осы салаға одан әрі бағыттауға ниеттемін, – деп түйіндеді Бердімұхамедов.
Автор
Еркебұлан