Қазақстан соғысқа дайындалып жатқан жоқ – Айдос Сарым
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Арнайы ұйымдастырылған қойылым": Денсаулық сақтау министрі ұшақтағы видеосына қатысты түсініктеме берді

"Арнайы ұйымдастырылған қойылым": Денсаулық сақтау министрі ұшақтағы видеосына қатысты түсініктеме берді
Фото: видеодан алынды

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ұшақ бортында жолаушыға көмек көрсеткен оқиғаға қатысты туындаған пікірталасқа түсініктеме берді, деп хабарлайды kznews.kz.

Әлеуметтік желілерде кей қолданушылар бұл жағдайды «арнайы ұйымдастырылған PR» деп айыптаған болатын.

Мәжіліс кулуарында министр өзіне тағылған күмәндарға жауап беріп, бұл оқиға үшін ақталуға еш негіз жоқ екенін айтты.

«Әркімнің өз пікірі бар, бәріне әсер ете алмаймын. Ең бастысы өз міндетімді орындадым. Менің ақталатын жағдайым жоқ», - деді Әлназарова.

Оның айтуынша, дәл осы жағдайда кез келген медицина қызметкері көмек көрсетуге тырысар еді, сондықтан бұл оқиғада ерекше күдік тудыратын ештеңе жоқ.

Министр бұл оның алғашқы рет медициналық көмек көрсетуі емес екенін, тек осы жолы видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктелгенін айтты.

Айта кетейік, 27 қарашада Астана–Алматы рейсінде бір жолаушының денсаулығы нашарлап, қан қысымы көтеріліп, құса бастаған. Экипаж «ұшақта дәрігер бар ма» деп сұраған соң Әлназарова көмек көрсеткен. Оқиға куәгерлері түсірген видео Threads желісінде жарияланып, кей қазақстандықтардың арасында «қойылым» деген пікірталас туғызған.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі