Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Армения көлік сатып алған қазақстандықтарға ескерту жасады

Армения көлік сатып алған қазақстандықтарға ескерту жасады

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

392 0 0

Арменияға көлігін тіркеуден шығаруға барған азаматтар мүлік салығын төлеуі тиіс. Егер биыл салық төлемесе, келесі жылы оларға айыппұл салынады

НҰР-СҰЛТАН, 17 ақпан – Sputnik. Армениядан көлік сатып алып, сонда тіркеуге қойған Қазақстан азаматтары салық төлеуі қажет. Бұл туралы осы елдің мемлекеттік кірістер комитеті ескертті.

Комитет басшысының орынбасары Шушан Нерсисянның айтуынша, өз міндетін дер кезінде орындамаған тұлғаларға айыппұл салынады.

Жалпы өткен жылы Арменияға шетелден 189 мың автокөлік әкелінген. Олар үшін мемлекет қазынасына 146 миллион доллар мөлшерінде кедендік салық төленді, деп хабарлады Хабар 24.

Шушан Нерсисян қазақстандықтар сатып алған көліктерге қатысты барлық ақпарат Нұр-Сұлтандағы әріптестеріне табыс еткенін хабарлады. 

Оқи отырыңыз: Армения мен Қырғызстанның көліктерін тіркеуге қанша ақша кетеді?

"Мүлік салығын төлеу үшін онлайн-платформа құру бастамасы көтерілді. Дегенмен, бұл жоба жүзеге аспаса немесе кейін іске қосылса да мүлік салығын төлеу міндеті сақталады. Арменияға көлігін тіркеуден шығаруға келген азаматтар борышын өтемей мұны істей алмайды. Егер биыл салық төлемесе, келесі жылы оларға айыппұл салынады", - деді Армения мемлекеттік кірістер комитеті басшысының орынбасары Шушан Нерсисян.


sputniknews.kz
Автор
Айбар