"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ақын Бақыт Беделхан 26 жыл бойы пәтер жағалап жүргенін айтты (видео)

Ақын Бақыт Беделхан 26 жыл бойы пәтер жағалап жүргенін айтты (видео)

Ақын Бақыт Беделхан 26 жыл бойы жалдамалы пәтерде өмір сүрген. Ол өзіне былтыр Алматы қаласының әкімі пәтер беріп, үйлі болғанын жасырмай айтып берді, деп жазады Kznews.kz тілшісі.

Ақын бұл жайлы "Менің өмірім" бағдарламасында мәлім еткен. "Жалдамалы пәтерде жалпы есептесем, Алматыға келгелі 30 жыл болыпты. Соның 26 жылын пәтерде өтті. Былтыр ғана Алматыдан Бақытжан Сағынтаев үй берді. Оның өзі үлкен қуаныш болды. Бәрі "Алматыда үйің жоқ па?" деп таңғалады. Астанада 3-4 жыл өмір сүріп, қайта Алматыға келдік. Қазір жаңа үйдеміз. Құдай көп көрмесін, себебі әкімшілік берген үйден қорқатын болдық қой. Мен өзі дүниеге, тіршілікке, жоқтан бар жасауға ебі жоқ адаммын. Айзада да (жұбайы - ред) сондай. Таза өнер адамдарымыз. Бірақ бір далада қалған кезіміз жоқ. Бәрі "Екеуің екі көлік мінесіңдер, бірақ жалдамалы пәтерде жүресіңдер" деп таңғалады ғой. Бұл бір мақтану емес, тіршілігіміз болғаннан кейін екі көлік міндік. Оның театры бар, түсірілімі бар. Менің жазушылар одағым, шығармашылығым, той-томалағым бар", - деді ақын.

Автор
Нұрсұлтан