Серік Сәпиев орынбасарымен болған жанжалдың нақты себебін ашып айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ақтөбеде із-түзсіз жоғалған оқушының денесі табылды

Ақтөбеде із-түзсіз жоғалған оқушының денесі табылды

Ақтөбе облысында із-түзсіз жоғалған мектеп оқушысының денесі ауылдан төрт шақырым жерден табылды. Бұл туралы Азаттыққа Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Полицияның мәліметінше, кәмелет жасқа толмаған Анатолий Лебедевті іздеушілер оның денесін 3 қаңтар күні тапқан.

"Мәйітте зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Алдын-ала сараптама қортындысына қарағанда, оқушы үсіп өлген" деп хабарлайды полицияның баспасөз қызметі.

2020 жылғы 1 қаңтар күні таңғы 4:30 шамасында танысының үйінен шығып кеткен оқушы сол күйі үйіне оралмаған.

- Сол күні ауылда бет қаратпас боран болды. Үйден шыға алмай отырдық. Анатолий боранмен бірге ығып кетсе керек. Қарапайым отбасынан шыққан, тәртіпті бала еді. Сүйегін әлі сараптамадан әкелген жоқ, - дейді Қарақұдық мектебінің мұғалімі Ботагөз Сармурзина.

Алға ауданы Қарақұдық ауылындағы мектептің 11 сынып оқушысы Анатолий Лебедевті жақындары, ауылдастары, полиция мен еріктілер – жалпы саны 50-ден астам адам екі тәулік бойы іздеген. Полицияның баспасөз қызметі бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тағы бірнеше сараптама тағайындалғанын айтады.


Azattyq
Автор
Нұрсұлтан