«Айына миллион табасың»: Англияға жұмысқа жіберемін деген әйел 10 адамды алдап кетті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ақтөбеде бейтаныс әйел кішкентай қызды ұрлап әкетпек болған

Ақтөбеде бейтаныс әйел кішкентай қызды ұрлап әкетпек болған
фото: ашық дереккөз

Ақтөбе қаласының Есет батыр ауданында кішкентай қызды бейтаныс әйел алдап, алып кетуге тырысқан. Бала дер кезінде қашып үлгеріп, дүкенді паналаған, деп хабарлайды kznews.kz. «Диапазон» басылымына сілтеме жасап. 

Мәлімет бойынша, оқиға Нұр Сити шағын ауданының 2-мөлтек ауданындағы аулалардың бірінде болған. 

Куәгерлердің айтуынша, ересек әйел аулада ойнап жүрген қыз баланы жанына шақырып алған. Оған «егер менімен бірге жүрсең, сақина сыйлаймын» деп уәде беріп, азғырған. Қыз бала бас тартқанына қарамастан, әйел оны көндіруге тырысып, соңынан қалмаған. Сәті түскенде бала жат адамнан қашып шығып, жақын маңдағы дүкен ішіне жасырынған. Осылайша ол өзін қауіптен аман алып қалды.

Тұрғындардың наразылығын тудырған тағы бір жайт — аулада бейнебақылау камералары орнатылғанымен, олар істен шыққан. Бұл жағдай қылмыстың алдын алуға немесе оқиғаны жедел анықтауға кедергі келтірген.

Ақтөбе облыстық Полиция басқармасы күдікті әйелдің тұлғасы анықталып, оның ұсталғанын растады.

«Қазіргі уақытта ұсталған күдіктімен тиісті процессуалдық әрекеттер жүргізіліп, оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда. Тексеру қорытындысы бойынша құқықтық баға беріліп, заң аясында шешім қабылданады», — деп хабарлады полиция өкілдері.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.