ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, Ақтөбе облысында 2024 жылдың басынан бері 4 жазатайым оқиға тіркеліп, 4 адам жарақат алған. Оқиғалар Дөң тау-кен байыту комбинатында (екі рет), "СНПС-АқтөбеМұнайГаз" АҚ-ның "АқтөбеЭнергоНефть" басқармасында және "ЮжПромСнаб" ЖШС-інде болған.
2023 жылы өңірде 68 жазатайым оқиға болып, 72 адам жарақаттанып, 12 жұмысшы қаза тапты. Оқиғалардың 20%-ы тау-кен өндірісінде, сондай-ақ темір жол саласында да жазатайым жағдайлар азаймаған. Көптеген оқиғалар жол-көлік апаттары, жұмысшылардың жауапсыздығы және қауіпсіздік ережелерін сақтамауынан туындаған.
2024 жылы құқық қорғау органдарына 70 материал жолданса, қаңтар айында 10 материал тіркелді. "Ембі Жылу" кәсіпорнындағы оқиғадан 4 адам жарақат алып, 2 адам қаза тапты. Бұл үшін кәсіпорын шебері кінәлі деп танылды. Сондай-ақ, былтыр "Қазақстан темір жолы" АҚ-ның Ақтөбе филиалы зардап шеккен жұмысшының отбасына 34 миллион теңге өтемақы төледі.
фото: ашықдереккөз