Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында болған күшті бұршақ бірнеше ауылға зиянын тигізді. Табиғи құбылыс салдарынан үйлер мен көліктер зақымданып, тұрғындар жарықсыз қалды, деп хабарлайды kznews.kz.
Жергілікті халықтың айтуынша, 7 мамыр күні кешке жауған бұршақтың көлемі тауық жұмыртқасындай ірі болған. Әсіресе Шеңбертал ауылы мен Жарма ауылы қатты зардап шеккен.
Тұрғындар әлеуметтік желіде бүлінген шатырлар мен көліктердің видеоларын жариялаған.
Аудан әкімдігінің мәліметінше, қатты жел мен бұршақ салдарынан бірнеше электр бағанасы құлап, ауылдар электр қуатынсыз қалған. Энергетиктер апат орнына дереу барып, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Нұрлан Қызбергеновнің айтуынша, электр желілерін жөндеу жұмыстары әлі де жалғасуда.