Жолы болмағандар! – Трамп АҚШ медиасын сынап тастады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ақтаулық асаба мен әйелінің интимді видеосын жұрт жаппай іздеп жатыр (ФОТО)

Ақтаулық асаба мен әйелінің интимді видеосын жұрт жаппай іздеп жатыр (ФОТО)
видеодан скриншот

Ақтау қаласында "Хан" лақап атымен танымал асаба жұбайымен бірге әлеуметтік желіде мәлімдеме жасап, тараған жеке сипаттағы видеоға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Шоуменнің айтуынша, аталған видео жариялауға арналмаған. Оның сөзінше, бейнежазба жасырын файлда сақталған, алайда белгісіз себептермен сыртқа тарап кеткен.

"Бұл хайп емес екенін айтқымыз келеді. Біз мұндай жолмен танымал болатындай ақымақ емеспіз. Видео жасырын файлда тұрған. Бәлкім, мобилограф оны ашып, таратып жіберген болуы мүмкін. Қазір соны анықтап жатырмыз", – деді асаба.

Ал оның жұбайы қазақстандықтарға үндеу жасап, видеоны таратпауды және өшіруді сұрады. Ол бұл жағдайдың отбасына ауыр тигенін, өзіне бейтаныс адамдардан көптеген хабарлама келіп жатқанын жеткізді.

Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде кейбір қолданушылар видеоны іздеп, бір-біріне таратуға тырысып жатқаны байқалады. Тіпті кейбірі WhatsApp арқылы жіберуді сұрап, байланыс нөмірлерін қалдыруда.

Осы жағдайды пайдаланып, алаяқтық әрекеттер де көбейген. Кейбір Telegram-арналар "толық нұсқасын" ұсынамыз деп, қолданушылардан ақша талап етіп жатыр.

Соңғы деректерге сәйкес, "хан тамада мен әйелі" деген іздеу сұранысы бір тәуліктің ішінде Google жүйесінде шамамен 5 мың рет терілген.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер