Серік Сәпиев орынбасарымен болған жанжалдың нақты себебін ашып айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

АҚШ-тың жоғары лауазымды шенеунігі Тәжікстанға барады

АҚШ-тың жоғары лауазымды шенеунігі Тәжікстанға барады

АҚШ мемлекеттік департаментінің жоғары лауазымды шенеунігі келесі аптада Тәжікстанға барады. Келіссөзде аймақ қауіпсіздігі бойынша әріптестікті нығайту, экономикалық және энергетика саласындағы байланысты дамыту мәселелері талқыланады делінген АҚШ мемлекеттік департаменті таратқан хабарламада. Ондағы мәліметке сәйкес, АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері бойынша көмекшісінің орынбасары Элис Уэллс Душанбеде 6-7 қаңтарда болады.

Бір ай бұрын мемлекеттік департамент АҚШ 2019 жылы Орталық Азияның бес мемлекетімен екіжақты дипломатиялық қатынасты жандандырды деп мәлімдеген еді.

Қытайдың Орталық Азияда экономикалық және саяси ықпалы артқан тұста АҚШ Орталық Азия мемлекеттерімен дипломатиялық қатынасты дамытуға мән беріп отыр. АҚШ-тың Орталық Азияға назар аударуы сонымен бірге Вашингтонның Ауғанстаннан әскер әкету талпынысымен де байланысты.


Azattyq
Автор
Нұрсұлтан