Серік Сәпиев орынбасарымен болған жанжалдың нақты себебін ашып айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

АҚШ Таяу Шығысқа қосымша әскер жібермек

АҚШ Таяу Шығысқа қосымша әскер жібермек

АҚШ Бағдаттағы елшілігіне шабуыл жасалуына байланысты Таяу Шығысқа қосымша әскер жөнелтті. Аймаққа 750 америкалық сарбаз жіберілген. Бұл туралы АҚШ қорғаныс министрі Марк Эспер мәлімдеген.

Вашингтон жақын күндері ол аймаққа тағы төрт мың сарбаз жібереді деп хабарлады Fox News.

1 қаңтарда АҚШ-тың Бағдаттағы елшілігі алдына демонстранттар тағы жиналды. АҚШ күштері Ирак пен Сириядағы шиит топтарының базаларына әуеден шабуыл жасап, кемінде 25 адам мерт болғаннан кейін бұған жауап ретінде Бағдаттағы елшілік алдында наразылық акциясы өткен. АҚШ мемлекеттік департаменті әскерилердің іс-қимылын "қорғану" деп түсіндірді. АҚШ "Ирактағы америкалық әскери базаға шабуылдады" деп Иранға бүйрегі бұратын шииттер тобын айыптаған.

31 желтоқсанда Бағдаттағы АҚШ елшілігі алдына жиналған мыңдаған наразы адам қоршаудың қақпасын сындырып, қабылдау бөлмесін өртеген. Демонстранттар Ирак билігі америкалық дипломаттарды елден шығарғанға дейін наразылықты жалғастыра беретінін мәлімдеген.

АҚШ президенті Дональд Трамп Бағдаттағы елшілікке қатысы бар деп Иранды айыптады, бірақ Тегеранмен соғысқысы келмейтінін айтты.

Қазір Бағдаттағы дипломатиялық миссияны жүз теңіз жаяу әскері мен авиациядан тұратын топ қорғап тұр.


Azattyq
Автор
Нұрсұлтан