«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

АҚШ Дамаск пен Мәскеуді мектеп пен аурухананы бомбалады деп айыптады

АҚШ Дамаск пен Мәскеуді мектеп пен аурухананы бомбалады деп айыптады

АҚШ мемлекеттік департаменті Дамаск пен Мәскеуді Сириядағы дауды жөнсіз ушықтырып жатыр деп айыптады. "Бейбіт тұрғындар мен мектеп, базар, аурухана сияқты қоғамдық инфрақұрылымды атқылауға болмайды" деді департаменттің баспасөз хатшысы Морган Ортагус.

Мамырдың басында Сирияның Идлиб провинциясындағы қақтығыс ушығып кеткен. Вашингтон Сирия президенті Башар Асад әскерін "тағы да химиялық қару қолданды" деп айыптады. Ұрыс пен бомбалаудан 200 мыңға жуық адам бас сауғалап, халықаралық ұйымдар жұмысын уақытша тоқтатқан.

Асад күштеріне қарулы оппозициямен қақтығыста ресейлік әскерилер қолдау көрсетеді. Бүгінге дейін бірнеше бейбіт тұрғынның қаза тапқаны белгілі. Мәскеу Идлибте ауқымды әскери операцияға жол бермейтінін айтқан.


Azattyq
Автор
Бауыржан