Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

АҚШ астронавты Кристина Кох ғарышта ең ұзақ болған әйел рекордын жасады

АҚШ астронавты Кристина Кох ғарышта ең ұзақ болған әйел рекордын жасады

Америкалық астронавт Кристина Кох ғарышта үзіліссіз болған әйелдер рекордын сенбі күні жаңартты. Ол орбитада 289 тәулік болып, отандасы Пегги Уилсонның рекордынан бір тәулік асып түсті.

АҚШ-тың Монтана штатының 40 жасар инженер-электригі Кох МКС бортына 14 наурызда барған. Ол станцияда 328 тәулік, яғни 11 ай болуы тиіс. Әдетте, астронавтардың орбитадағы миссиясы жарты жылдан аспайды.

Кохтың ғарыштағы мерзімінің ұзарғаны солтүстік америкалық НАСА ғарыш агенттігінің "ғарышта ұзақ ұшу әсерлері" жайлы зерттеуіне септеседі. Мәліметтері Ай мен Марсқа ұшуға арналған бағдарлама жасауға пайдаланылады.

Кох тарихта алғаш рет тек әйелдерден құралған астронавтар командасына қосылып та рекорд жасаған. Ол осымен ашық ғарышқа төртінші рет шығып отыр.

1994 -95 жылдары Ресей ғарышкері Валерий Поляков ғарышта үзіліссіз 15 ай болып, еркектер арасында рекорд жасаған болатын. Ол "Мир" орбита станциясында 437 тәулік 18 сағат болған.


Azattyq
Автор
Нұрсұлтан