Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

АҚШ 8 қаңтар күнгі Иран шабуылынан зардап шеккендер саны 110-ға жеткенін хабарлады

АҚШ 8 қаңтар күнгі Иран шабуылынан зардап шеккендер саны 110-ға жеткенін хабарлады

21 ақпанда АҚШ-тың қорғаныс министрлігі 8 қаңтар күнгі Иран шабуылынан 110 сарбаздың бас сүйегі зақымданғанын мәлімдеді. Бұл АҚШ әскерилерінің бұған дейін айтқан көрсеткішінен әлдеқайда жоғары.

АҚШ әскерилері осымен алтыншы рет шабуылдан зардап шеккендер санының көбейгенін мәлімдеп отыр.

Президент Трамп және өзге де жоғары лауазымды америкалық шенеуніктер бастапқыда зымыран шабуылынан ешкім зардап шекпеді деп мәлімдеген.

Оқи отырыңыз: "Иранның шабуылынан америкалықтар мен ирактықтар зардап шеккен жоқ"

3 қаңтарда Иракта АҚШ ирандық әскербасы Касем Сүлейманидің көзін жойған. 8 қаңтарға ауған түні Иран "кек қайтару" үшін Американың Ирактағы екі базасын зымырандармен атқылаған.

Пентагон шабуыл кезінде жараланғандардың барлығы әлсіз ми жарақатын алды және олардың 77-і әскери қызметіне оралды деп айтқан.

35 сарбаз медициналық тексерістен өту үшін - Германияға, 25-і АҚШ-қа жөнелтілген.

“Әскери дәрігерлер сарбаздарға қажетті медициналық қызмет көрсету үшін тынбай жұмыс істеп жатыр, соның арқасында олардың 70 пайызы әскери қызметіне оралды” деп хабарлады Пентагон.


Azattyq
Автор
Данияр