“Жұбайымды шәкіртіме әйелдікке бердім” деген тұрғын жауапкершілікке тартылды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

АҚШ Иранның мұнайына көз тікті: Трамп тосын мәлімдеме жасады

АҚШ Иранның мұнайына көз тікті: Трамп тосын мәлімдеме жасады
x.com/whitehouse. Суретте: Дональд Трамп

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның мұнайын бақылауға алу мүмкіндігін қарастырып отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Financial Times басылымы.

Ақ үй басшысы бұл туралы басылымға берген эксклюзивті сұхбатында айтқан. Оның сөзінше, АҚШ Иранның мұнай ресурстарын өз бақылауына алғысы келеді.

"Шынымды айтсам, мен Иранның мұнайын алғым келеді. Бірақ кейбір адамдар "неге?" деп сұрайды. Олар – ақымақ адамдар", – деді Трамп.

Сонымен қатар ол Иран мұнайының негізгі экспорттық орталығы саналатын Харк аралын басып алу мүмкіндігін де жоққа шығармады.

Трамп бұл жағдайды Венесуэламен салыстырып, АҚШ ол жақта да мұнай саласын бақылауда ұстауды көздеп отырғанын айтты.

"Бәлкім, біз Харк аралын аламыз, бәлкім алмаймыз. Бізде көптеген нұсқа бар. Ол жерде біраз уақыт болуға тура келеді. Меніңше, олардың қорғанысы әлсіз, біз оны оңай ала аламыз", – деді ол.

Алайда сарапшылар мұндай әрекеттер үлкен қауіп тудыруы мүмкін екенін айтады. Себебі бұл АҚШ әскери күштері арасында шығынның артуына, сондай-ақ қақтығыстың ұзаққа созылып, оның құнының өсуіне әкелуі ықтимал.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер