Жаңалықтар

"Бес баласын енесіне тастап кеткен": Атырауда жер жұтқандай жоғалған отбасы туралы тың дерек шықты (ВИДЕО)

Қайсар Қанат Қайсар Қанат
"Бес баласын енесіне тастап кеткен": Атырауда жер жұтқандай жоғалған отбасы туралы тың дерек шықты (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

Бұған дейінгі деректерде отбасы мүшесінің саны төртеу екені айтылған еді. Ал енді олардың саны алтыға дейін жеткен. Бұл туралы белгілі кәсіби журналист, блогер, қоғам белсендісі Гүлмира Әбіқай жазды, деп хабарлайды kznews.kz.

"Атырау облысында ұшты-күйлі жоғалған  отбасы жайлы күн сайын түрлі дерек келуде. Өзге емес, өз туыстарының сөзіне сенсек, із-түссіз ғайып болғандар төртеу емес, алты адам.

Мақсот ағамыздың 2 қыз, 1 ұлы бар. Алдымен, Ақтаудан жұмыс таптым  деп жалғыз ұлы Наурыз хабарсыз кетеді. Жаз басында жоғалған Наурыздың ватсабы кешеге дейін іске қосылып түрған дейді Мақсоттың қарындасы Әсилә. Полиция “ватсап телефоннан емес, компьютерден қосылып тұрғандықтан абоненттің мекен-жайын табу қиындық тудырғанын” айтқан.

Қарашаның басында “дәрігерге қаралып келеміз” деп сыбыс таратқан отбасы сол күйі үйге қайта оралмаған. Үйлері жинақы, бәрі орнында. Малы қорада, тоңазытқыштағы сүт-майлары сақтаулы тұр.

Мақсот ағамыздың 2 қызының  үлкені Мейрамгүл өздерімен бірге ұшты-күйлі жоқ, екінші қызы тұрмыста басқа ауылда тұрады. “Ақбаян да күйеуі Сұлтанмен бірге 5-ші қараша жолға шығып, сол күйі үйіне оралмаған. Екеуінің 5 баласын күнде есікке елеңдеп енесі қарап отыр” дейді Әсилә. Жоғалған отбасының екеуі зейнеткер, екеуі мүгедектік жәрдемақы алады. Ең қызығы, қараша-желтоқсан айларындағы пенсияларын төртеуі түгел шешіп алыпты. Ауладағы азын-аулақ малдары да Наурыздың ватсабы арқылы саудаланған.

Сонда, тұтастай бір әулеттің 6 адамы қайда кетті?

Жоғалудың басы 6 ай бұрын басталғанымен полиция іздестіруді  29.12.2025 жариялады. Не болса да ел ішінде, аман болса екен!",-деп жазды журналист.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz