Жаңалықтар

Атырау облысындағы трагедия: Марқұмдардың туысы өз болжамын айтты

Қайсар Қанат Қайсар Қанат
Атырау облысындағы трагедия: Марқұмдардың туысы өз болжамын айтты
Arasha.kz коллажы / ЖИ

Атырау облысында із-түзсіз жоғалып кеткен тұтас бір отбасының тағдыры елді бейжай қалдырмады, деп жазады Arasha.kz.

Араға біраз уақыт салынғанымен, әлі күнге дейін жоғалып кеткен төрт адамның нақты қайда екені анықталмаған. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін "Qazaq Airan" арнасының журналисі аймаққа барып, жоғалған отбасының туыстарымен тілдескен.

Марқұмдардың туысы Шалқар Мұқанғалиевтің айтуынша, отбасы мүшелерінің жүріп өткен бағыттары туралы әртүрлі деректер бар.

"Әлі күнге дейін тексеріп жатыр, қарап жатыр. Кейін Махамбетке (Махамбет ауылы – ред.) барған дейді. Кейін Сұлтан Түркияға 10 күн барып келген дейді. Содан кейін Түркиядан қайтып келген. Сосын Түркиядан келгеннен кейін Ақбаянды алып, Ақтауға барған. Сол Ақтаудан Шымкентке пойызбен барған дейді. Сосын шекарадан Ташкентке өткен. Ташкенттен тіке Куала Лумпур деген қалаға өтіп кеткен екен. 7 сағат ұшқан. Сол жақта туристердің қаласы бар, сол жақта деген ақпарат бар", – деді Шалқар Мұқанғалиев. 

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz