SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонды: борттан ақау табылды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Анна Данченко “Құрмет” орденімен марапатталды

Анна Данченко “Құрмет” орденімен марапатталды
Фото: әлеуметтік желіден

Анна Данченко марапатты қазақы ортада алған тәрбиесімен және ана тіліне деген құрметімен байланыстыратынын атап өтті. Ол қазақ тілінің өз өміріндегі орны ерекше екенін айтты.

Қазақстандық журналист, тележүргізуші және продюсер Анна Данченко мемлекеттік «Құрмет» орденімен марапатталды. Қуанышты жаңалығын ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, марапаттың кімдерге арналғанын айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Тележүргізуші бұл жетістігін ең алдымен өмірге әкеліп, тәрбиелеген ата-анасының рухына арнайтынын жеткізді. Оның айтуынша, бүгінгі биікке жетуіне ата-анасының ақ батасы мен қолдауы үлкен ықпал еткен.

«Менің әрбір жетістігімнің артында олардың ақ батасы, маған деген сенімі мен шексіз махаббаты жатыр. Бүгінгі қуанышымды өздерімен бөлісе алмасам да, осы биікке жетуіме себепкер болған ең асыл жандарымның рухына тағзым етемін», – деп жазды журналист.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.