Алматының құрметті азаматы, белгілі ғалым және қоғам қайраткері Асылы Әлиқызы Осман II дәрежелі "Барыс" орденіне ие болды, деп хабарлайды kznews.kz.
Жоғары мемлекеттік награда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен берілді. Орденді Президенттің атынан Алматы әкімі Дархан Сатыбалды табыстады.
Асылы Осман ұзақ жылдар бойы қазақ тілінің дамуына, ұлттық құндылықтарды насихаттауға және қоғамдық келісімді нығайтуға үлес қосып келеді.
Ол Мемлекеттік тіл қауымдастығын басқарады. Сондай-ақ 200-ден астам ғылыми және аударма мақаланың авторы.
Мемлекет басшысы Асылы Османның мемлекеттік тілді дәріптеу, елдегі тұрақтылық пен бірлікті сақтау жолындағы еңбегін жоғары бағалаған.
Ал Алматы әкімі Дархан Сатыбалды оның қаланың қоғамдық және мәдени өміріндегі орнына ерекше тоқталды.