Нұртілеуім,
Сен туғанда шаттықтан бір түледім.
Уілдеген үніңнен айналайын,
Келіп тұрды сол сәтте күлші дегім.
Жөргегіңде жатырсың тырбаң қағып,
Қас-қағымда мына өмір өтер ағып.
Бала бүркіт секілді көкті аңсаған
Талап қылып ұшарсың қанаттанып.
Мына байтақ бабадан алған енші
Тылсымына құлақ түр, тебіренші.
Сенің алтын бесігің – Отаның бұл,
Бастауынан қанып іш, гүлін терші.
Балғыным, бұл – бабалар аманаты,
Туған жерің ұмытпа, жер жәннатың.
Ұланы бол сен оның сенім артар,
Бол еліңнің қатарлы азаматы.
Сүлеймен Баязитов
#Әңгіме
#Сүлеймен
#Баязитов
#қызықты әңгімелер балаларға арналған
#кызыкты ангимелер балаларга арналган
#интересные рассказы на казахском языке казакша туралы қазақша на казахском бесплатно скачать
#Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Немереме » ZHARAR © 2018 әңгіме Сүлеймен Баязитов Немереме туралы ангиме казакша рассказ на казахском
#рассказ Сүлеймен Баязитов Немереме на казахском языке ангиме скачать бесплатно
#Немереме