KZNEWS.KZ
Мәдениет

«Ана орны қашанда бөлек»: Ләйлә Сұлтанқызы Сәкен Майғазиевке қолдау білдірді (ВИДЕО)

• Айгерім Асылова
Фото: ашық дереккөз

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әнші Сәкен Майғазиевке анасы Ұлтай Мырзамбекқызының қайтыс болуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды kznews.kz

Журналист әлеуметтік желідегі парақшасында әсерлі жазба жариялады.

«Сәкен досымның анасынан айырылғанын естіп, жүрегім ауырып отыр… Ана орны қашанда бөлек қой. Қандай сөз айтсақ та, жүректегі ауырлықты жеңілдете алмайтынын білемін.

Алла анаңды рақымына алсын, жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын. Саған және отбасыңа осы ауыр қайғыны көтеруге күш-қуат, сабыр берсін. Анаңның мейірімі мен берген тәрбиесі сендердің бойларыңда мәңгі жасай берсін», – деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

Желі қолданушылары да Ұлтай Мырзамбекқызының өмірден өтуіне байланысты Сәкен Майғазиев пен оның отбасына көңіл айтып, қайғысына ортақтасты. 

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →