"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Әмина қажы қазақ әйелдерінің киім үлгісі туралы пікір білдірді (ВИДЕО)

Әмина қажы қазақ әйелдерінің киім үлгісі туралы пікір білдірді (ВИДЕО)

35 бала тәрбиелеп, көпке үлгі болған «Перзент» балалар үйінің жетекшісі Әмина қажы Әжібаева қазіргі қазақ әйелдерінің киім үлгісі мен тәрбиесі туры өз ойын білдірді, деп хабарлайды Kznews.kz.

Белгілі журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында ол жастардың киім кию мәдениетіне және ана мен әже ретіндегі үлгі кэрсету жауапкершілігіне тоқталды.

«Бүгінгі таңда қыздарымыз өздерін қалай болса солай ұстап, ашық-шашық киінуге бейім болып барады. Бұл — тек сәнге ілесу емес, жалпы ұлттық болмысымыздан алыстау», — деді Әмина апа.

Ол жастардың денсаулығы мен ұрпақ тәрбиесіне де алаңдайтынын жеткізді:

«Кейде жас келіндер, жүкті аналар да денсаулығына мән бермей, сыртқы келбетіне ғана көңіл бөледі. Салдарынан денсаулығы әлсіз балалар дүниеге келуі мүмкін», — дейді ол.

Әмина қажы үлкендерге де үндеу жасады:

«Жасы келген әйелдер — үйдің тірегі, қыздарына үлгі болатын тұлғалар. Егер үлкендер де жеңіл киінсе, олар жастарға не деп ақыл айта алады?»

Сұхбат барысында ол ұлттық құндылықтарды сақтау, отбасындағы тәрбие мен ұят мәселесңн қозғап, көпшілікті ойлануға шақырды.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.