ШҚО-да тағы да шу: Білім сапасын қадағалайтын басшының былығы ашылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Америкалық кәсіпкер 400-ге тарта студенттің қарызын төлеп бермек

Америкалық кәсіпкер 400-ге тарта студенттің қарызын төлеп бермек

Америкалық миллиардер, филантроп Роберт Смит Атлантдағы Морхаус колледжі түлектерінің алдында сөйлеген сөзінде студенттердің қарызын төлеп беретінін айтты. Бұл туралы CNN телеарнасы хабарлады.

"Осы елде тұрған сегіз атамның атынан көліктеріңізге аздаған жанармай құйып беруге бекініп отырмыз" деді Смит. Ол 396 түлектің жалпы алғанда шамамен 40 миллион доллар қарызын төлеп бермек. Колледж президенті Дэвид Томас миллиардердің әрекетін "азат ету" деп бағалады.

Роберт Смит – Vista Equity Partners инвестициялық компаниясының негізін қалаушысы әрі директоры. 2019 жылғы Forbes-тегі ең бай америкалықтар тізімінде 355-орында тұрды.

Морхаус колледжінде өткен ғасырда АҚШ-тағы қара нәсілділер құқығы үшін күрескен Мартен Лютер Кинг оқыған. Оқу орнының студенттері - түгелдей афроамерикалықтар. Роберт Смит Морхауста доктор дәрежесін алған.

Студенттер қарызы - АҚШ-тағы ең үлкен мәселелердің бірі. 2018 жылы мұндай қарыз көлемі 1,5 триллион долларға жетіп, соңғы он жыл ішінде екі есе өскен.


Azattyq
Автор
Әлихан