14 сарбаздың қазасы: Олжас Бектенов әскердегі өрескел кемшіліктерді атады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Тек чемпион емес, жақсы әке": Елдос Сметовтің видеосы желі қолданушыларын тәнті етті

"Тек чемпион емес, жақсы әке": Елдос Сметовтің видеосы желі қолданушыларын тәнті етті
Фото: ашық дереккөз

Әлеуметтік желіде дзюдодан Олимпиада чемпионы Елдос Сметовті әуежайдан жақындары күтіп алған сәттің видеосы кең тарады.

Видео желі қолданушыларын тәнті етті, деп хабарлайды kznews.kz 

Видеода спортшыны әуежайдан отбасы мүшелері қарсы алғаны түсірілген. 31 жастағы танымал дзюдошының бес баланың әкесі. Желі қолданушылары спортшының халықаралық аренада жоғары марапаттарға қол жеткізіп қана қоймай, отбасына қамқор әке болуға да уақыт табатынын атап өтті.

Жазба авторлары мен видеоны көргендер спортшының отбасылық құндылықтары мен жетістіктеріне ерекше сүйсінген. 

"Елдос Сметов – татамидегі чемпион, ал үйінде қамқор әке. Оның басты күші мен мотивациясы – бес баласы. Нағыз чемпиондар тек медаль үшін ғана емес, отбасы үшін де күреседі", – делінген видео сипаттамасында.

Желі қолданушылары видеоны бір-бірімен бөлісіп, спортшыға жылы лебіздерін білдіріп жатыр. Сондай-ақ оны өскелең ұрпаққа үлгі болатын азамат ретінде бағалаған.

Еске салсақ, осыған дейін Қазақстандық дзюдошылар Елдос Сметов Аичи-Нагоядағы Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.