«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыдағы Республика алаңы аумағында интернет байланысы нашарлады

Алматыдағы Республика алаңы аумағында интернет байланысы нашарлады

1 наурызда Қазақстанда түрлі оппозициялық топтардың "митингісі өтеді" деген күні Алматыда Республика алаңындағы аумақта мобильді интернет байланысы нашарлады. Саяси ұйымдар жексенбі күні түскі 12:00-де дәл осы аумаққа жиналып, әкімдік алдында митинг өткізбекші болған еді. Мұнда түске таман Tele 2, Kcell байланыс операторларының мобильді интернеті мүлде істемей тұр. Beeline интернеті тұрақты түрде істеп тұрған жоқ.

Тікелей эфирден хабар таратуға мүмкіндік беретін құрылғы қызметі де жексенбі күні істемей тұрды. Азаттық тілшілері интернет байланысы нашар болғандықтан алаңнан тікелей эфирде хабар тарата алмады.

1 наурызда таңнан бастап Республика алаңы жабылып, әкімдік айналасы темір шарбақпен қоршалды. Полиция белсенділерді ұстап, бөлімшеге жеткізді. Митинг қарсаңында да белсенділер ұсталған.

Бұған дейін 22 ақпан күнгі митингілер кезінде де осыған ұқсас жағдай болған.


Azattyq
Автор
Данияр