KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

Алматыдағы бес адамның өмірін қиған өртке байланысты қылмыстық іс қозғалды

• Айжан Сыланова
Фото: Ertenmedia

Алматы қаласының Бостандық ауданында бес адамның, оның ішінде баланың өмірін қиған өртке қатысты қылмыстық іс тіркелді. Қазір полиция оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтап жатыр, деп хабарлайды kznews.kz.

«Бостандық ауданындағы жеке тұрғын үйде болған өрт фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өрттің шығу себебі мен адамдардың қаза болу мән-жайы анықталады», – деп хабарлады полиция.

Еске салайық, қайғылы оқиға 26 қарашаға қараған түні болған. Сағат 03:44-те 112 қызметіне Алматының Бостандық ауданындағы жеке тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабар түскен.

Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары өртті сағат 04:42-де толық сөндірді. Оқиға орнына ТЖД-дан 35-кежуық қызметкер мен 9 арнайы техника жұмылдырылған.

Өрт сөндірілгеннен кейін үй ішінен бес адамның мәйіті табылды. Қаза болғандардың арасында кәмелетке толмаған бала да бар. Қазір қайғылы жағдайдың себептері тергеу барысында анықталып жатыр.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →