Жұманғарин әкімдерге наурыздың соңына дейін көкөністерді түгел сатуды тапсырды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Асхат Садырбайдың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Асхат Садырбайдың үстінен қылмыстық іс қозғалды
Фото: әлеуметтік желіден

Журналист Асхат Садырбайға қатысты қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды, деп хабарлайды kznews.kz.

Тергеу ісі оның бұрынғы жұбайы Айғаным Болатқызының арызы негізінде басталған.

Бұрынғы ерлі-зайыптылар арасындағы дау бірнеше жылдан бері жалғасып келе жатқаны айтылды. Құқық қорғау органдары журналистке қатысты қылмыстық іс тіркелгенін растады. Істі Астана қалалық Полиция департаментіне қарасты Есіл аудандық полиция басқармасы тергеп жатыр.

Полиция мәліметінше, 1992 жылы туған Қорабаева Айғаным Болатқызы 1986 жылы туған бұрынғы жұбайы Асхат Мұратұлы Садырбаевқа қатысты шара қолдану жөнінде арыз түсірген. Осы дерек бойынша 2025 жылғы 9 қазанда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 110-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

Айғаным Болатқызы бұған дейін экс-жолдасының өзін ұрып-соғып, азаптағанын мәлімдеп, көпшілік алдында да, құқық қорғау органдарына да жүгінген. Ал Асхат Садырбай бұл айыптауларды жоққа шығарып, жала деп атаған. Бұған дейін ол бұрынғы жұбайын сотқа беріп, істі өз пайдасына шешкені де айтылған. Дегенмен Айғаным Болатқызы алған жарақаттарын жариялап, қайтадан арыз түсірген.

Қазіргі уақытта іс аясында сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сонымен бірге Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдары жариялауға жатпайды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.