Президент мерзімінен бұрын қызметтен кетсе, екі айдың ішінде кезектен тыс сайлау өтеді - Тоқаев
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды: қаза болғандар бар

Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды: қаза болғандар бар

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Құтқарушылар ішіндегі жолаушыларды алып шығып, көмек көрсету үшін BMW көлігін кескен. Жеті адам ауруханаға жеткізілді

НҰР-СҰЛТАН, 17 қазан — Sputnik. Алматыда BMW көлігінің жүргізушісі жаппай жол апатына себепкер болды. Оқиға салдарынан екі адам көз жұмды.

© Sputnik / Стрингер.

BMW көлігі жолдың қарама-қарсы жағына шығып кетті

Куәгерлердің айтуынша, BMW көлігінің жүргізушісі Сейфуллин даңғылымен жүріп бара жатқан. Ол бағдаршамның қызыл түсі жанып тұрғанына қарамастан, тоқтамай жолдың қарама-қарсы бетіне шығып кеткен. Audi көлігімен соқтығысты. Соққының қатты болғаны соншалық көлік жарнама билборды, жол белгісі мен ағашқа соғылды.

© Sputnik / Стрингер.

Соққының қатты болғаны соншалық, Audi көлігі жарнама билборды, жол белгісі мен ағашты құлатты

Ал BMW айналып барып, Subaru Forester мен Toyota Carina-мен соқтығысқан.

Audi көлігінің екі жолаушысы оқиға орнында жедел жәрдем қызметі жеткенге дейін көз жұмды. Тағы жеті адам зардап шекті: Audi көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы, BMW жүргізушісі мен үш жолаушысы және Subaru жүргізушісі.

© Sputnik / Стрингер.

BMW пришлось разрезать, чтобы достать пострадавших

Олар түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Жол апатының куәгерлері BMW жүргізушісі мас болуы мүмкін деген болжам айтып отыр.


sputniknews.kz
Автор
Мадияр

Журналист