"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда вирус жұқтырған науқас ауруханадан шығарылды

Алматыда вирус жұқтырған науқас ауруханадан шығарылды

Науқаста емдеу кезеңінде асқыну болмаған, ауруы жеңіл өткені хабарланып отыр. Соңғы ақпарат бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырған 135 науқас тіркелді

АЛМАТЫ, 27 наурыз – Sputnik. Алматыда тағы бір науқас жазылып, ауруханадан шықты. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігі хабарлады.

"27 наурызда Алматыда қалалық жұқпалы аурулар ауруханасынан COVID-19 расталған екінші пациент жазылып шықты. Бұл науқас – Алматыға 13 наурызға қараған түні Берлин-Минск-Алматы чартерлік рейсімен келген ер адам. Ол вирусқа қарсы емдеумен симптоматикалық терапияның толық курсын алды", - делінген ақпаратта.

Науқаста емдеу кезеңінде асқыну болмаған, ауруы жеңіл өтті. Енді 14 күн үй карантинінде дәрігерлердің бақылауында болады.

Айта кетейік, 13 наурызда Берлин-Минск-Алматы чартерлік рейсімен келген барлық 12 адам жұқпалы аурулар стационарына карантинге жатқызылып, оқшауландырылған болатын.

Бұған дейін ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев екі адамның аурудан жазылғанын хабарлады. Оның бірі Нұр-Сұлтанда, екіншісі Алматы қаласында.

Соңғы ақпарат бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырған 135 науқас тіркелді. Нұр-Сұлтан қаласында – 69 , Алматы қаласында –48, Қарағанды қаласында – 4, Жамбыл облысында – 3, Атырау облысы – 3, Шымкен тқаласында – 2 , Алматы, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Маңғыстау облыстарында 1 адамнан тіркелді.


sputniknews.kz
Автор
Нұрсұлтан