Алаяқтар «Қазақмысқа» жұмысқа орналастырамын деп 16 млн теңге жинап алған
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда тұрғын үй ауласында жаппай төбелес болды (видео)

Алматыда тұрғын үй ауласында жаппай төбелес болды (видео)
Видеодан алынған кадр

Алматының Алатау ауданында бір топ адам арасында жанжал болды, деп хабарлайды kznews.kz.

Әлеуметтік желіде оқиғаның бейнежазбасы тарады. Ондағы мәліметке сәйкес, төбелес “Каспий” тұрғын үй кешенінде болған.

Қалалық полиция департаменті жанжалға қатысқан күдіктілер ұсталғанын хабарлады. Алатау аудандық полиция басқармасы бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғаған.

- Оқиғаға қатысқан 6 адамның барлығы анықталып, ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдіктілерді қылмыстық жауапкершілікке тартуға бағытталған кешенді тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.  Мұндай әрекеттер қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін өрескел бұзады, – деді Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы Еділхан Байғараев.
 

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.