Усть-Лугадағы жаппай төбелес: үш қазақстандық тергеуде қалып отыр
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Усть-Лугадағы жаппай төбелес: үш қазақстандық тергеуде қалып отыр

Усть-Лугадағы жаппай төбелес: үш қазақстандық тергеуде қалып отыр
Фотоиллюстрация: Kznews

Ресей Федерациясының Усть-Луга вахталық кентінде болған жаппай жанжалдан кейін бірқатар қазақстандық азаматтар ұсталып, олардың үшеуі әлі де тергеу аясында қалып отыр, деп хабарлайды kznews.kz.

Оқиға туралы ақпарат алғашында әлеуметтік желілерде тарады. Онда жаппай төбелестің видеолары жарияланған. Кейін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі бұл жағдайға қатысты ақпаратты тексеріп жатқанын және Ресейдің құқық қорғау органдарымен байланыста екенін мәлімдеді.

Қазақстанның Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулдығы Усть-Лугадағы вахталық кентте жұмыс істейтін отандастармен кездесулер өткізді. Шамамен 15 мың адам тұратын бұл кент Ресейдегі ең ірі экспорттық порттардың бірінің құрылысына тартылған жұмысшыларға арналған. Дипломаттардың мәліметінше, тәртіпсіздікке бірнеше жүз адам қатысқан.

«Оқиғадан кейін әртүрлі елдердің 30-дан астам азаматы ұсталды. Алғашқы тергеу амалдарынан соң олардың басым бөлігі босатылды. Кейбір қатысушыларға, оның ішінде қазақстандықтарға, сот шешімімен 10 тәулікке әкімшілік қамау тағайындалды. Қазіргі уақытта үш Қазақстан азаматы тергеуде қалып отыр», – делінген хабарламада.

Бас консулдықтың мәліметінше, қазақстандықтардың арасында ауыр жарақат алғандар жоқ, ешкім ауруханаға жатқызылмаған. Барлығына құқықтық көмек көрсетіліп жатыр.

Қазіргі уақытта вахталық кенттегі жағдай тұрақты. Оқиға бойынша тергеу жалғасуда.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.